Казахский Русский Главная
Карта сайта

 

Вы находитесь: Компания туралыТарих


Тарих


Компания тарихы 1991 жылдың көктемінде физика маманы, ол кезде ресейлік RC&C компаниясының президенті Евгений Шаблыгин КСРО-ға тұңғыш рет келген Sun Microsystems өкілдерімен кездеседі. UNIX компьютерлер желісі күрделі есептеуіш жүйелерді құру үшін келешегі бар база болып көрінді. Коммуникациялық (RC&C шеңберінде қалған) және компьютерлік бизнестерді бөлуге шешім қабылданды. Осылайша Jet Info Systems пайда болды.

Jet атауы бастапқыда Jalyschko Electronics Technology GmbH – 1990 жылы Германияда RC&C қожайындарымен ұйымдастырылған компания атының қысқартуынан шыққан. RC&C компьютер бизнесі дербес кәсіпорынға бөлінген соң J.E.T. қысқартуы Ресейде 1992 ж. қаңтарында, АҚШ-та 1992 ж. қыркүйегінде тіркелген жаңа фирманың аты болды.

Дегенмен жаңа компания Ресейде және АҚШ-та тіркелгенге дейін оның қызметінің өрістеуіне ММУ Физфагінің басқа екі түлегі - Олег Молодых және Владимир Елисеев қатысты.

1992 ж. Sun Microsystems бірінші жұмыс станциялары Дубндегі Біріккен Ядролық Зерттеу Институтының зертханалары қатарының есептеуіш жүйелерінің негізі болды. Ондаған машиналарды жеткізу және сүйемелдеу бойынша барлық жұмыстар компанияның негізін салушылардың өздерімен іске асырылды. Бірақ жылдың соңына қарай-ақ компанияда шамамен 10 адам жұмыс істеді.

1993 ж. «Инфосистемы Джет» өз тапсырыс берушілеріне қызмет көрсетуде кешенді қатынасты жүзеге асыра отырып, ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету және қолдау бойынша қызметтің жаңа бағытын ашты.

1994 ж. Компанияның Сервис Орталығы жеке бизнес-бөлімшеге бөлінді. Компанияның Сервис Орталығы РФ түрлі аймақтарында, Калининградтан Владивостокқа дейін 200 астам тапсырыс берушілерге қызмет көрсетеді, соның ішінде 24х7 режимінде қызмет көрсетеді. Бүгінде «Инфосистемы Джет» Сервис Орталығы корпоративті ақпараттық жүйелерді қолодау бойынша Ресейдегі ірі орталықтардың бірі болып табылады.

1995 ж. Jet Ресей Орталық Банкісіне деректерді өңдеудің сенімділігі жоғары инфрақұрылымын құрғандығы үшін – “The most important strategic win for Sun Worldwide”- Sun Microsystems марапатына лайықталды.

1996 ж. «Инфосистемы Джет» ақпараттық қауіпсіздік бағытын дамыта бастады. 2003 жылдың ақпанында компания Ақпараттық Қауіпсіздік Орталығын дербес бизнес-құрылымға бөлді. Бүгінде «Инфосистемы Джет» – ақпаратты қорғау саласында Ресейдегі ең ірі интеграторлардың бірі.

Бүгінде Jet Info Systems серверлік кешендерді, жүйелерді және деректерді сақтау желілерін және жүйелерін құру бойынша аса күрделі жобаларды жүзеге асыруда зор тәжірибе жинақтаған. Компания байланыс операторларының желілерін және аймақтық-бөлінген желілерді құру бойынша жұмыстар жүргізеді. Мониторинг және басқару жүйелерін енгізу, сонымен қатар бизнес мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, АТ-қызметтерін оңтайландыру және автоматтандыру – компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі.

Jet Info Systems әлемдік жеткізушілердің Sun Microsystems, Hitachi Data Systems, Hewlett-Packard, Symantec, Brocade Communications Systems, Nortel Networks, Cisco Systems, BMC Software, Oracle және басқаларының жетекші әріптесі болып табылады.

Өз тапсырыс берушілеріне қызмет көрсету деңгейін арттыру және аймақтық желіні дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Инфосистемы Джет» компаниясы аймақтарда орын тебуін күшейте түсуде. Компанияның аймақтық офистері Екатеринбургте және Қазанда, Краснодарда және Санкт-Петербурте, Новосибирскте және Владивостокта жұмыс істейді. 2005 жылы компания Украинада, Киевте, ал 2006 ж. – Қазақстанда, Алматыда өз офисін ашты. Ресейдің басқа аймақтарында және Азербайжанда филиалдар қатарын ашу жоспарда бар.

Компания ай сайынғы корпоративті ақпараттық бюллетень Jet Info (www.jetinfo.ru) шығарады (1995 жылдан тұрақты шығады) Jet Info ірі ақпараттық жүйелерді құру және пайдаланудың негізгі бағыттарын және тәжірибелік мәселелерін жарыққа шығарады.

«Инфосистемы Джет» (Jet Info Systems) компаниясының сапа менеджментін басқару жүйесі ISO 9001:2000 халықаралық стандартқа сәйкестігі сертификатталған. (TUV Thuringen e.V. компаниясының TUV CERT сертификаты, тексеру аудитының есеп нөмірі 9282, сертификаттың тіркеу нөмірі: 75 100 9282, сертификат 10.04.2003 ж. берілді.)



 © Jet Info Systems International Inc. 1991 - 2010