Казахский Русский Главная
Карта сайта

 

Вы находитесь: Қызметтер және шешімдерАқпараттық қауіпсіздік


Ақпараттық қауіпсіздік


1996 ж. «Инфосистемы Джет» компаниясы ақпараттық қауіпсіздік бағытын дамыта бастады. 2003 ж. ақпанында Ақпараттық Қауіпсіздік Орталығы дербес бизнес-құрылымға бөлінді. Бүгінде «Инфосистемы Джет» – ақпаратты қорғау саласында Ресейдегі ең ірі интеграторлардың бірі.

«Инфосистемы Джет» ақпараттық қауіпсіздік Орталығы корпоративті жүйелерді қорғау бойынша – тәуекелдерді зерттеу мен талдаудан ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін және құралдарын енгізу және сүйемелдеуге дейінгі жұмыстардың толық топтамасын орындайды.

Жеке сынақ зертханасының болуы ақпаратты қорғау жүйелерінің бастау құрамбөліктерін құру бойынша типтік шешімдерді жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл жобалық жұмыстардың орындалу мерзімін азайтып, олардың сапасын көтереді.

Ұсынылатын қызметтер.

Ақпараттық жүйелерді қорғау бойынша консалтингті қызметтер:

  • Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігін сараптаушы аудит
  • Тәуекелдерді талдау
  • Халықаралық стандарттар (ISO 27001) талаптарына сәйкестігініне аудит
  • Қорғаудың кешенді жүйелерін жобалау және енгізу
  • Ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұйымдастыру құжаттарын әзірлеу
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша аттестация

Ақпараттық қауіпсіздік саласында сервистік қызметтер

  • Ақпаратты қорғау және кешенді жүйелердің құралдарын техникалық қолдау
  • Қорғау жүйелеріне қызмет көрсету және әкімдендіру қызметтеріне аутсорсинг
  • Ақпараттық жүйелердің қорғалуын бақылау және талдау
  • Кеңес беру және техникалық жәрдем

Ақпараттық қауіпсіздік орталығы сонымен қатар ақпараттық жүйелер элементтерін және нысандарын физикалық қорғау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету, әзірлеу бойынша қызметтер көрсетеді

Өзіндік әзірленген бағдарламалық өнімдер.
Ақпараттық қауіпсіздік орталығы көптеген ресейлік және шетелдік компанияларда кеңінен қолданылатын бірегей бағдарламалық өнімдерді әзірлеуші болып табылады:

  • Желі аралық экран Z-2;
  • "Дозор-Джет" электронды поштасын архивтендіру және мониторинг жүйесі;
  • "Дозор-Джет" веб-трафикті бақылау жүйесі;
  • "Ангара" периметрлі қорғаудың көпфункциялы аппараттық құралдарының ұясы

Барлық қорғау құралдары уәкілетті мемлекеттік органдардың сертификатына ие. «Инфосистемы Джет» компаниясының әзірлеген қорғау құралдары толығырақ www.jetinfosoft.ru сайтында берілген.

Әріптестік. Орталықтың әріптестері ақпаратты қорғау құралдарын және технологияларын әзірлеуші жетекші шетелдік және ресейлік компаниялар - Check Point Software Technologies, Symantec Corporation, Internet Security Systems, RSA Security, Aladdin Software Security, Sun Microsystems, Oracle, SecurIT, «Лаборатория Касперского», «Крипто-Про» және басқалары.



 © Jet Info Systems International Inc. 1991 - 2010